Кәсіпкерлер палатасының алаңында отырысы өтті

Проведено заседание Правления Палаты экспертных организаций
Июнь 18, 2018
Участие в акции «Дорога в школу»
Сентябрь 5, 2018

Бүгін Кәсіпкерлер палатасының алаңында Сатып алу саласында отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.

Отырыста:

  1. Жергілікті тауар өндіруші «НефтьПромСнаб» ЖШС-нің өнімдерін тапсырыс берушілерге ұсыну;
  2. Облыстағы мемлекеттік мекемелермен 2018 жылы әзірленетін жоба сметалық құжаттамаларына жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін қосу мәселесі;
  3. Мердігер мекеме «Бақ Береке 2030» ЖШС-мен жергілікті тауар өндірушілер арасында өзара ынтымақтастық келісімдерін жасау мәселелері қаралды.

Шарада жергілікті тауар өндіруші «НефтьПромСнаб» ЖШС-нің директоры Қазбек Қуанышбаев жаңа өнімін таныстырды.

Сондай-ақ, бұған дейін Палата тарапынан құрылысшы мекемелерге облысымыздың кәсіпкерлері «Нұрлытау ЛТД», «Вега Пром» ЖШС-нің өнімдері ұсынылған болатын. Мердігер мекеме «Бақ береке 2030» ЖШС-і жергілікті кәсіпкерлердің өнімдерімен танысып, алдағы уақытта бірге жұмыс жасау үшін ынтымақтастық жөніндегі келісімге келіп, Меморандум жасасты.

https://m.facebook.com/groups/649546011912003?view=permalink&id=871604169706185